A-      A+


Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы
«Жамбыл облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК
Қазақстан Республикасы      +7(7262)54-21-16
Тараз қ-сы , Н. Крупской көшесі, 1Б     +7(7262)54-22-30

<<< Артқа оралу <<<

 
	  
	 


МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАР

День ГосСимволов Казахстана

Оқу-клиникалық орталығы ашылды

МӘМС-ақпаратты жаңарту
Назар аудары?ыз !!
Менингококтық Инфекция

Терроризм актілерінің алдын алу бойынша халыққа жадынамалар


Мемлекеттік қызметтер

Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы "10" тамыздағы
№193 қаулысымен бекітілген

"Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. "Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Жамбыл облысының стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – қағаз.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) нысан бойынша қағаз түрінде, ординатор дәрігер қол қойған, жеке дәрігердің мөрімен және қызметті берушінің мөрімен расталған медициналық картадан жазылып берілетін үзінді.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастауға негіздеме болып стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттары (бұдан әрі - құжаттар ) болып табылады.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1) ординатор дәрігер стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмесін толтырады қолын және жеке мөрін қояды – орындау уақыты 45 (қырық бес) минут;

2) қызмет беруші басшылығы ординатор дәрігердің қойылған қолы мен жеке мөрін идентификация жасайды, қолы мен қызмет берушінің мөрін қояды, үзінді көшірмені қызметті алушыға ұсынады – орындау уақыты 15 (он бес) минут.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

Ескерту. 5 - тармақ жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 29.12.2017 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі мынадай рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болады:

1) медициналық картадан жазылып берілетін үзіндіге ординатор дәрігер қолы және жеке мөрі қоюы;

2) медициналық картадан жазылып берілетін үзіндіге қызмет беруші басшылығының қолы мен қызмет берушінің мөрін қоюы.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) ординатор дәрігер;

2) қызмет берушінің басшылығы.

8. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) дәйектілігін сипаттау:

1) ординатор дәрігер стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмесін толтырады қолын және жеке мөрін қояды – орындау уақыты 45 (қырық бес) минут;

2) қызмет беруші басшылығы ординатор дәрігердің қойылған қолы мен жеке мөрін идентификация жасайды, қолы мен қызмет берушінің мөрін қояды, көшірмені қызметті алушыға ұсынады – орындау уақыты 15 (он бес) минут.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Жамбыл облысы әкімдігінің zhambyl.gov.kz ресми сайтында және "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің http://densaulyk.zhambyl.kz интернет-ресурсында орналастырылады.




Стационарлық науқастың
медициналық картасынан үзінді
көшірме беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет
регламентiне қосымша

Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Шартты белгілер: